Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ираклий Кобахидзе шағын құрамда келіссөз жүргізді

Мемлекет басшысы елімізге ресми сапармен келген Грузия Премьер-министріне ілтипат көрсетіп, аталған сапар қазақ-грузин серіктестігін нығайтуда өте маңызды екенін атап өтті. 

Өз кезегінде Ираклий Кобахидзе Қазақстанға ресми сапармен келіп, жоғары деңгейде кездесу өткізуді өзіне зор мәртебе санайтынын айтты.