Құрылтай – саяси өзгерістердің жаңа кезеңі

Өкілді биліктің жаңа моделіне көшу - Қазақстанның саяси жүйесіндегі маңызды белес. Ресейлік саясаттанушы Андрей Солонников осылай дейді.

Оның сөзінше, қоғам, оның ішінде азаматтардың саяси белсенділігі, талап-тілектері мен әлеуметтік құрылымы ілгерілеп отыруға тиіс. Осы ретте билік жүйесіндегі өзгерістер де сөзсіз маңызды. Сондықтан Құрылтай сайлауы мемлекеттік басқару жүйесіне серпін береді, - деп пікір білдірді. 

Андрей Солонников, саясаттанушы, Қазіргі мемлекеттік даму институтының директоры

- Құрылтай - Қазақстанның одан әрі институционалдық жаңғыру мүмкіндігі деуге болады. Жаңа саяси жүйе алдағы уақытта өзекті мәселелер мен сын-қатерлерге тиімді шешім ұсынуы тиіс.