Азиада-2026: қоржынға алтын медаль түсті
Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль түсті. Велошабандоз Рината Сұлтанова Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарының чемпионы атанды.
Отандасымыз жарыс жолын 36:23.72 уақытта бағындырып, қарсыластарынан басым түсті. Екінші орын қытайлық спортшыға бұйырды. Ол Сұлтановадан 4,86 секундқа қалып қойды. Үшінші орынға Оңтүстік Корея спортшысы жайғасты. Оның нәтижесі чемпионнан 32,42 секундқа төмен болды.