Қаза тапқан теңізшілер мемлекеттік наградамен марапатталды
Мемлекет басшысының Жарлығымен әскери борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу жиыны кезінде қаза тапқан әскери қызметшілер Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапатталды.
Бауыржан Момышұлы атындағы ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен:
Мұхтарұлы Олжас, 29011 әскери бөлімі взводының командирі.
Рахымжан Қошқарбаев атындағы ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен:
Аяпберген Сержан Талғатұлы, 29011 әскери бөлімі бөлімшесінің командирі;
Бегей Дастан Нұрболұлы, 29011 әскери бөлімінің аға матросы (аға атқышы);
Бердіханов Мейрамбек Ермұханұлы, 29011 әскери бөлімі бөлімшесінің командирі;
Гилаж Ақжайық Болатбекұлы, 29011 әскери бөлімінің матросы (граната атқышы);
Ғұмаров Мансұр Айтбайұлы, 29011 әскери бөлімі бөлімшесінің командирі;
Диханбаев Олжас Тәжібайұлы, 29011 әскери бөлімі бөлімшесінің командирі;
Жаңабай Әсет Саматұлы, 29011 әскери бөлімінің маманы (көздеушісі);
Көбенов Алмас Жүсіпұлы, 29011 әскери бөлімінің матросы (граната атқышы);
Мәдіхан Азамат Болатбекұлы, 29011 әскери бөлімінің матросы (граната атқыштың көмекшісі);
Өмірзақ Өмірбек Өмірболатұлы, 29011 әскери бөлімінің матросы (граната атқышы);
Темірғалиев Жеңіс Тілеуішұлы, 29011 әскери бөлімінің матросы (оқшашар атқыштың көмекшісі);
Төлеген Ақылбек Қабденұлы, 29011 әскери бөлімінің аға матросы (аға атқышы);
Тұрдыбекұлы Мирас, 9011 әскери бөлімінің матросы (атқыш).