Қазақстанда жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл, кей жерлерде тұман күтіледі

Қазақстанның басым бөлігінде ауа райын солтүстік-батыстан келген антициклон айқындайды. Осыған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы орнап, ауа температурасы төмендейді.

Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Республиканың шығысында, орталығында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнгі уақытта Алматы облысының таулы аудандарында жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын болуы мүмкін.

Түнгі және таңертеңгі уақытта кей жерлерде тұман болжанады. Республика облыстарының басым бөлігінде желдің күшеюі, оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі.

27–28 қыркүйекте солтүстікте, шығыста, еліміздің солтүстік-батысында және орталығында түнгі уақытта 1–3°С үсік күтіледі.

Сондай-ақ оқыңыз: