Мемлекет басшысы мұғалімдерді кәсіби мерекесімен құттықтады

Мұғалім күні бүкіл қоғамды біріктіретін, нағыз халықтық сипаты бар, қастерлі де қадірлі мерекеге айналды. Президент Ақордада ұстаздардың кәсіби мерекесіне орай өткен салтанатты шарада ұстаздарды құттықтай отырып осылай деді.

Қасым-Жомарт Тоқаев педагогтерді мерекесімен құттықтап, Мемлекет басшысы ретінде ұстаздарды жан-жақты қолдау жұмысына айрықша мән беретінін жеткізді. Елде мұғалімдердің мәртебесін көтеретін  «Педагог мәртебесі туралы» арнайы заң қабылданғанын айтты.Сонымен қатар  Мемлекеттік марапаттар тізіміне «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағы енгізілді. Елімізде бірнеше мұғалім ең жоғары мемлекеттік награда – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ие болды. Ал 5- қазан күні Ұстаздардың кәсіби мерекесі ретінде нақты бекітілді. Жыл сайын бір қоғам болып осы мейрамды кең көлемде атап өтіп жүрміз. Биыл да мереке күндері барлық аймақта әкімдер мұғалімдер қауымын марапаттап, оларға ерекше құрмет көрсетіп жатыр. Ұстаздарды дәл осылай жалпыұлттық деңгейде ұлықтау ісі жалғасын табады. Бұл – мемлекетіміз үшін мән-маңызы айрықша міндет, – деді Президент.

Сондай-ақ оқыңыз: