427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

21 сәуірде Реформалар жөніндегі жоғарғы кеңестің бесінші отырысы өтеді

  • 345
  • UPD: 14:42, 19.04.2021
21 сәуірде Реформалар жөніндегі жоғарғы кеңестің бесінші отырысы өтеді Ақорда

Президент Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Қайрат Келімбетовті қабылдады.

Кездесу барысында 21 сәуір күні өтетін Реформалар жөніндегі жоғарғы кеңестің бесінші отырысының күн тәртібіндегі мәселелер талқыланды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Атап айтқанда, ұлттық жобаларды, оның ішінде, цифрландыру және агроөнеркәсіп кешенін дамыту салаларындағы бағдарламаларды әзірлеу тәсілдері қаралды. Мемлекет басшысына Әлеуметтік кодекске және «жаңадан» реттеу тетіктеріне қатысты ұсыныстар туралы ақпарат берілді.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Қайрат Келімбетовке ұлттық жобалардың тізімін және оларды қарастыру тәртібін пысықтауға қатысты бірқатар тапсырма берді.

Хабар 24 телеарнасы