Қытайлық Vero Cell вакцинасын 18 жастан бастап салуға болады

Қытайлық Vero Cell вакцинасын 18 жастан бастап салуға болады
фото: vlast.kz

Қытайлық Vero Cell вакцинасын 18 жастан асқан адамдарға егуге болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қос доза арасы 21-28 күн болуы керек. Бейжің биологиялық институты әзірлеген вакцинаны қаптамада көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін жарықтан қорғалған жерде сақтау қажет. Вакцинаның кез келген компонентіне, яғни, оның ішіндегі қосымша заттарға аллергиясы бар адамдарға екпені салуға тыйым салынады. Сондай-ақ бақыланбайтын эпилепсия немесе жүйке жүйесінің басқа да үдемелі аурулары, сонымен қатар жүктілік және лактация кезеңінде Vero Cell-ді алуға болмайды.