Маңғыстау облысында үкіметтік комиссия жұмыс істеп жатыр

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен отырыс өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Отырысқа Президент әкімшілігінің, Энергетика министрлігінің және бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің, жергілікті атқарушы органдардың, «ҚазМұнайГаз» өкілдері мен басқа да мүдделі тараптар қатысты. Комиссия барлық тарапты қанағаттандыратын, өзара қолайлы шешім қабылдау үшін өзекті мәселелерді жан-жақты жүйелі қарайды – делінген Үкіметтің баспасөз қызметінде.