Бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектановтың қамауға алынғаны расталды

Иллюстративті фото / 24.kz

Бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектановтың қамауға алынғаны расталды. Бас прокуратораның мәліметі бойынша 19 ақпан күні қылмыстық кодекстің 452-бабы, яғни әрекетсіздік дерегі бойынша тергеу басталды. 20 ақпанда Бектанов уақытша тергеу изоляторына қамауға алынды.

«Тергеу амалдарының жүргізілуіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды» делінген Бас прокуратураның ресми сайтында.

Еске сала кетсек, 19 қаңтар күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «қаңтар оқиғасы кезінде еш әрекет жасамады» деген айыппен Мұрат Бектановты қызметінен босатқан еді.