Президент «Хабар» агенттігінің төрағасын қабылдады

Қазақстан Президенті «Хабар» Агенттігі» АҚ басқарма төрағасы Берік Уәлиді қабылдады.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Хабар» Агенттігі» АҚ құрамындағы телеарналардың жұмысы туралы баяндалды.

Берік Уәли Мемлекет басшысына алдағы кезеңде іске қосуға жоспарланған жобалар мен ақпараттық, қоғамдық-саяси, танымдық бағыттағы контенттер жасау жөнінде айтты.

Сонымен қатар Президентке Агенттікті техникалық жағынан жаңғырту жоспары туралы мәлімет берілді.

Әңгімелесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыруда Агенттіктің маңызды рөл атқаратынын атап өтіп, «Хабар» телеарналар тобының жұмысын заман талабына сәйкестендіруді тапсырды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.