Мұнайшылар жалақысын көтеру мәселесін қарастыру керек – Смайылов

 

Бұл жөнінде Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Ақтөбе облысына жұмыс сапары барысында мәлімдеді. Премьер-Министр өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде кеңес өткізіп, аймақ басшысы мен құзырлы министрлерге бірқатар тапсырма берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның ішінде, мұнай өңдеу,  азық-түлік және құрылыс өнімдері өндірісінің белседілігі сөз болды. Әсіресе, азық-түлік бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу үшін оның тапшылығының алдын алу және сауда үстемесін бақылау бойынша жоспарға сай жұмыс жүргізу қажет екенін атап өтті. Биыл өңірді дамытуға 150 млрд теңге бағытталады. Бұл қаражат жолдарды жөндеуге және реконструкциялауға, газ тасымалдау жүйесін дамытуға, тұрғын үй құрылысына, агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға, сондай-ақ жергілікті тұрғындарды өнімді жұмыспен қамтуға жұмсалады деді Үкімет басшысы.