Каспий құбыр консорциумының жұмысы жалғасады

Ресейдің Краснодар өлкелік соты Каспий құбыр консорциумының жұмысын тоқтату туралы шешімін 200 мың рубль көлеміндегі айыппұлмен алмастырды. Бұл туралы Zakon.kz-тен мәлім болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еске сала кеткен жөн, 6 шілдеде Новороссийск қаласының Приморск аудандық соты экологиялық құқық бұзушылықтарға байланысты құбыр қызметін тоқтату туралы шешім шығарған болатын. Еліміздің энергетика министрі Болат Ақшолақов консорциумдағы қашықтан байлау екі қондырғысының жұмысын тоқтату туралы ақпаратқа түсініктеме берді. Каспий құбыр консорциумы Новороссийск қаласының Приморск аудандық сотына компанияның қызметін әкімшілік тоқтата тұру туралы сот қаулысының орындалуы туралы өтінішхат жіберді.