Ұзынағаштағы атыс: бір адам қаза тауып, екеуі жараланды

www.pravda.com.ua

Алматы облысына қарасты Ұзынағаш ауылында атыс болып, бір адам мерт болды.

Бұл туралы өңірлік ПД баспасөз қызметі хабарлады.

Белгілі болғандай, 4 тамыз күні сағат 16:20 шамасында Жамбыл облысы Ұзынағаш ауылындағы ауруханаға оқ жарақатымен үш жергілікті тұрғын жеткізілген. Зардап шеккендердің бірі жансақтау бөліміне жеткізілгеннен кейін қаза болған.

«Полицейлер дереу деректің барлық мән-жайын анықтауға және қылмысқа қатысы бар тұлғаларды ұстауға бағытталған шараларды қолға алды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жоспар жарияланып, аймақтық полиция бөлімшелерінің жеке құрамы күдіктілерді ұстауға жұмылдырылды», - делінген хабарламада.