Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президентімен телефон арқылы сөйлесті.

Әңгіме барысында қос тарап түрлі саладағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту перспективаларын талқылады. Мұнан бөлек мемлекет басшылары Самарқанд қаласында өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитінің күн тәртібін де қарастырды.