Мемлекет басшысы Қытайда Инвестициялық дөңгелек үстелге қатысады
Президент Қасым Жомарт Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапары жалғасып жатыр.
Бүгін Сиань қаласында мемлекет басшысының қатысуымен қазақ-қытай инвестициялық дөңгелек үстелі өтеді. Жиында ірі компанияларға Қазақстандағы инвестициялық мүмкіндіктер таныстырылады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.