Павлодар облысында бір тоннадан астам шаян тәркіленді

Павлодар облысында балық ресурстарын заңсыз өндіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды 24kz.

Аққулы ауданының полицейлері рейдтік іс-шара барысында жеңіл көліктен 1 тоннадан астам заңсыз ауланған артемия салина шаяндарын тәркіледі. Дәл осындай жағдай Ақсу қаласының ауылдық аймағында да тіркелді. Сырлықала ауылынан 15 шақырым жердегі «Кескен терек» бөлімшесінде белгісіз біреулер артемия шаяндарын аулаған. Аталған жәйтке қатысты арнайы сараптама тағайындалды. Еске сала кетсек, өңірде «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Екі күн ішінде полиция қызметі табиғатты қорғау бойынша 135 заңбұзушылықты анықтап, 2 млн теңге көлемінде айыппұл салды.