АҚШ Амазония ормандарын қорғауға 50 млн доллар бөледі
Американдықтар Амазония ормандарын қорғау қорына 50 миллион доллар бөледі.
Бұл туралы Ақ үй басшысы Джо Байден өзінің Бразилияға сапары кезінде жария етті. Ол Амазония тропикалық ормандарына барған алғақшы АҚШ президенті атанды. Джо Байден өңірді аралап қана қоймай, аймақтың байырғы халықтарымен де танысып қайтты. Сөйтіп америкалықтар кейінгі жарты жылда осымен екінші рет тиісті қорға ақша бөліп отыр. Жалпы ғалымдар климаттың өзгеруі мен адамдар іс-әрекетінің салдарынан "біздің ғаламшардың өкпесі" саналатын Амазонияның 47 пайызына жойылып кету қаупі төніп трғанын ескертеді.