Мәскеуде алғашқы Қазақстан-Ресей медиафорумы өтіп жатыр

Мәскеуде жетекші қазақстандық және ресейлік бұқаралық ақпарат құралдары басшыларының қатысуымен екі күндік медиафорум басталды.

Қазақстан делегациясын мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин бастап барды. Шараға парламент мәжілісінің депутаттары мен еліміздің сыртқы істер министрлігінің өкілдері қатысты.

Тараптар Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестіктің қазіргі жағдайы мен келешегін талқылады. Медиафорум Ресей Президенті Владимир Путиннің Қазақстанға мемлекетік сапарының алдында өтіп жатыр. Ерлан Қарин бұл сапар екіжақты қарым-қатынасты нығайтудағы маңызды оқиғаға айналатынын атап өтті. 

Ерлан Қарин, ҚР Мемлекеттік кеңесшісі:

"Біз экономиканың өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік, инфрақұрылым, энергеткика секілді барлық дерлік саласында ынтымақтастық орнаттық. Қазақстан мен Ресей арасында мәдени-гуманитарлық байланыстар жоспарлы түрде дамып жатыр. Ғылым, жоғары білім, мәдениет пен өнер саласындағы ынтымақтастығымыз нығайып келеді."

Ресей Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктесік туралы да еске салды.

Дмитрий Песков, РФ Президенті Әкімшілігі жетекшісінің орынбасары - РФ Президентінің баспасөз хатшысы:

"Бізді ортақ тарих байланыстырады. Болашағымыз өзара тиімді сипатқа ие. Ол екі ел халқының игілігі үшін өзара тиімді және ортақ одақтастықты түсіну негізінде құрылған. Біз екі Президентіміздің ортақ болашақ туралы көзқарасы негізінде бір арнада келе жатырмыз. Одақтас мемлекет - Қазақстанда болып жатқан бүкіл ақпаратқа жіті мән береміз.

Қазақстан мен Ресейдің жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары Ұлы отан соғысы жеңісінің 80 жылдығын атап өту аясындағы іс-шаралардың дайындығын талқылады. Ерлан Қарин,,,Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Атыраудағы ұлттық құрылтай кезінде бұл маңызды мерейтойға дайындалу қажеттігі туралы айтқанын еске салды. 

Андрей Кондрашов, ТАСС агенттігінің бас директоры:

"ТАСС агенттігінде соғыс заманының мұрағат суреттері өте көп. Біз Қазақстанда жеңістің 80 жылдығын атап өту үшін қажеттінің бәрін тегін беруге дайынбыз. Біз көмек көрсетеміз. Бұл бәрімізге ортақ дүние. Өйткені сол жеңіске бірге жеттік."

Кездесу қатысушылары келесі Ресей-Қазақстан медиафорумын біздің елде өткізуге келісті.  

Жулдыз Атагельдиева, Дана Нуржан, Шахзод Гамиров