Президент Мәскеудегі Жоғарғы экономикалық кеңеске қатысып жатыр
Мәскеуде Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңес өтіп жатыр.
Кеңейтілген құрамдағы отырысқа Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен қатар Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, сондай-ақ Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев қатысады. Ал Жоғарғы еуразиялық экономикалық кеңес жанындағы бақылаушы мемлекеттерден Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Куба Президенті Мигель Марио Диас-Канель Бермудес және шақырылған қонақ ретінде Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон бейнебайланыс арқылы қосылады.