Президент азаматтардың қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қорғайтын шұғыл жоспарды мақұлдайды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 24 маусымда күні бойы Ресейдегі әскери-саяси жағдайдың шиеленісуіне байланысты елдегі ахуалды бақылауға ала отырып, мүдделі барлық ведомствоның басшыларымен жедел байланыста болды.
Мемлекет басшысы 25 маусым күні Қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс отырысында аталған ведомстволардың тапсырмарларды орындау бойынша атқарылған жұмыстары жөнінде есебін тыңдап, Қазақстан экономикасының тұрақты дамуын, сондай-ақ азаматтардың қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қорғауға бағытталған шұғыл іс-қимыл жоспарын мақұлдайды, деп хабарлайды ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай.