Президент ШЫҰ отырысына қатысады
Қасым-Жомарт Тоқаев ертең Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер басшылары Кеңесінің отырысына бейнеконференция форматында қатысады.
Мұны Президенттің баспасөз қызметі хабарлады. Жиын қорытындысы бойынша Нью-Дели декларациясына және басқа да бірқатар құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.