5 жасар қыздың өлімі: Президент қайғылы оқиғаны мұқият тексеруді тапсырды
Мемлекет басшысы Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігіне Түркістан облысының Сарыағаш ауданында 5 жасар қыз баланың өлтірілгені жөніндегі қайғылы оқиғаның мән-жайын мұқият тексеуді тапсырды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
13 шілдеде Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын кәмелетке толмаған қызының жоғалып кеткені туралы арыз жазған еді. Түркістан облысы Полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері ауыл тұрғындарының бірінің үйінен дене жарақаты бар қыз баланың денесін тапты. Күдікті анықталып, қамауға алынды. Қазір құқық қорғау органдары тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.