Тоқаев пен Рахмон Цифрлық үкімет кеңсесіне барды

Қос мемлекеттің басшыларына Қазақстанның озық IT - өнімдері таныстырылды. 

Салалық ведомство басшысы Бағдат Мусин мемлекеттік органдардың азаматтармен тиімді жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін платформалар жөнінде мәлімет берді. Мәселен, сәбидің дүниеге келгенін тіркеу үшін құжат беруге, жылжымайтын мүлік пен көлікті рәсімдеуге проактивті өтінім беру жолға қойылған. Бұдан бөлек ғарыштан мониторинг жүргізу жүйесі мен «Отбасының цифрлық картасы» таныстырылды. Кездесу қорытындысында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Алдағы уақытта Қазақстан Тәжікстанмен электронды үкімет платформасын жүзеге асыру тәжірибесін бөліседі. Ынтымақтастық аясында тәжік мамандарын еліміздің IT-мектептері мен ғылыми-зерттеу институттарында оқыту мүмкіндігі қарастырылады.