Қ. Тоқаев: Мұғалімдерге қысымды тоқтату керек
Елде мұғалім тапшы, мектептерде бас-аяғы 5 мың педагог жетіспейді.
Оның түстіне бұл көрсеткіш жылдан-жылға артып барады. Ал педагогика саласында оқыған әрбір бесінші түлек өз мамандығы бойынша жұмыс істемейді. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомат Тоқаев Республикалық педагогтер съезінде айтты. Президент мұғалімдердің 23 пайызында ғана жоғары біліктілік санаты бар екендігіне тоқталып, білікті ұстаз даярлауға айрықша мән берілетінін мәлімдеді. Енді оқыту ісінде тәжірибеге басымдық беріледі. Жаңа типтегі білім беру ұйымдарының болашақ басшылары магистр мамандардан жасақталады.
Цитата
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Министрлік біліктілік талаптарын жиі өзгерту арқылы оқытушыларға қысым жасауды тоқтатуы керек. Ойына не келсе, соны істейтін шенеуніктердің жүгенсіздігіне тосқауыл қою қажет. Мұғалімдер тыныш, тұрақты және алаңсыз жұмыс істеуге құқылы. Педагог кадрлардың 60 пайызға жуығы өңірлік жоғары оқу орындарында даярланады. Сондықтан өңірлер деңгейінде жас мұғалімдерді қолдаудың маңызы зор. Әкімдер педагогтерді даярлау және жұмысқа орналастыру үшін қолайлы жағдай жасауы керек.