Президент Қызылорда облысына барды

Мемлекет басшысы Қызылорда облысына жұмыс сапарымен барды.

Президент Сырдария ауданының Нағи Ілиясов ауылында еңбек адамдарымен кездеседі деп жоспарланып отыр. Одан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда қаласында салынып жатқан жаңа әуежай терминалымен танысып, бірқатар өндірістік нысанды аралайды.