Тоқаев Қырғызстанға барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД-ға мүше елдердің мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысу үшін Қырғызстан Республикасына жұмыс сапарымен барды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысын Бішкек халықаралық әуежайынан Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы – Қырғызстан Президенті Әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров қарсы алды.