Шахтадағы апаттан көз жұмған адам саны 32-ге жетті
Қарағандыда опат болған кеншілердің саны 32-ге жетті.
"АрселорМиттал Теміртау" компаниясы баспасөз қызметінің мәлімдеуінше 206 адам жер бетіне шығарылды. Тағы 18 кенші іздестірілуде. Жедел штаб жұмыс істеп жатыр. Еске салайын, денсаулық сақтау министрлігінің дәрігерлер тобы да, зардап шеккен кеншілерге медициналық көмек көрсету үшін Қарағандыға аттанды.