Түркі мемлекеттері қандай құжаттарға қол қойды?
Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммиті аясында 12 түрлі құжатқа қол қойылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы саммиті аясында қол қойылған құжаттар тізімі:
- Астана Актісі;
- Түркі мемлекеттері ұйымы 10-шы саммитінің декларациясы;
- Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевті «Түркі әлемінің ең жоғарғы орденімен» марапаттау туралы мемлекеттер басшыларының шешімі;
- Түркі әлемінің қаржы орталықтары мәртебесін беру туралы мемлекеттер басшыларының шешімі;
- Түркі ынтымақтастығы ұйымдарының жаңа туларын қабылдау туралы шешім;
- Тағайындаулар туралы мемлекеттер басшыларының шешімі;
- Экономикалық ынтымақтастық ұйымына Түркі мемлекеттері ұйымының байқаушы мәртебесін беру туралы шешім;
- 6 ақпан – Табиғи апаттар құрбандарын еске алу және Түркі мемлекеттері ұйымының ынтымақтастығы күні деп бекіту туралы шешім;
- Түркі мемлекеттері ұйымы Хатшылығының бюджетін басқару ережесі туралы шешім;
- «Түркі мемлекеттері ұйымы Тұрақты өкілдері жөніндегі ережені» әзірлеу туралы шешім;
- Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің тиісті мекемелері арасындағы метрология саласындағы ынтымақтастық туралы хаттама;
- Түркі мемлекеттері ұйымының 2023-2027 жылдарға арналған көлік байланысы бағдарламасын іске асыру жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспары (жол картасы).