Тоқаев өрттен қаза болғандардың туыстарына көңіл айтты
Мемлекет басшысы Алматы қаласындағы хостелдердің бірінде қаза тапқан Қазақстанның және шетел азаматтарының жақындары мен туған-туыстарына көңіл айтты.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қайғылы жағдайға кінәлілер заң бойынша жауапқа тартылады. Үкімет пен әкімдікке зардап шеккендердің отбасыларына көмек көрсету тапсырылды - делінген хабарламада.