Мемлекет басшысы Ресейдің Қазақстандағы елшісін қабылдады

Мемлекет басшысы Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады.

Кездесу барысында президент екі ел арасында тұрақты диалог қалыптасқанын атап өтті және Ресей Президенті Владимир Путиннің Астанаға жасаған ресми сапарының маңызына тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев мұндай сапарлар екіжақты қарым-қатынастарды жан-жақты нығайтуға тың серпін беретінін айтты. Мұнан бөлек Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестік мәселелері де сөз болды.