Мемлекет басшысы Әзербайжан Президентімен телефон арқылы сөйлесті
Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Президентімен телефон арқылы сөйлесті.
Тілдесу барысында Ильхам Әлиевті туған күнімен құттықтап, деніне саулық тіледі. Алдағы уақытта қызметте табысты болуына тілекші екенін жеткізді. Қос елдің басшылары арадағы уағдаластықтар туралы да сөз етті. Еске салайық, Әзербайжан Президентінің Қазақстанға сапары кезінде және Бакуде өткен саммит аясында қос Президент ортақ жобаларға қатысты келісім жасаған еді.