Президенттің сұхбаты жарияланады

Facebook

Мемлекет басшысы белгілі ғалым, «Қазақ газеттері» серіктестігінің Бас директоры Диқан Қамзабекұлына сұхбат берді.

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің фейсбук парақшасында жазды. Сұхбатта еліміздің ішкі-сыртқы саясатына қатысты мәселелер, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы, Қаңтар қасіреті, қоғамдағы тұрмыстық зорлық-зомбылық, АЭС құрылысы секілді өзекті тақырыптар талқыланады. Сондай-ақ Президенттің жеке өзіне қатысты да кейбір мәселелер айтылады. Қасым-Жомарт Тоқаевтың кең көлемді сұхбаты  ертең «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланады.