Президент Қарағанды облысының әкімін қабылдады
Биыл Қарағанды облысында «Жайлы мектеп» жобасы аясында 7100 орындық 10 мектеп пайдалануға берілмек.
Тағы ауылдарда 92 денсаулық сақтау нысанының құрылысы, екі ауданаралық аурухананы жаңғырту жұмыстары басталған. Бұл жайында бүгін Президент қабылдауында болған Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев айтты. Өңір басшысының сөзінше былтыр 11 айдың ішінде облыста өнеркәсіп өнімінің көлемі 3,1 трлн теңгеге жеткен. Негізгі капиталға салынған инвестиция 16,3 пайызға артып, 727 млрд теңге болды. Бұдан бөлек Президентке жылыту маусымының барысы, Qarmet кәсіпорнындағы қазіргі жағдай туралы баяндалды. Мемлекет басшысына жаңа инвестордың өндірісті тұрақтандыру және оның көлемін арттыру бағытында қабылдап жатқан шаралары, сондай-ақ өндірісті жаңғырту және компания жұмысшыларының еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету жоспары жөнінде мәлімет берілді.
Ермағанбет Бөлекпаев, Қарағанды облысының әкімі:
- Өткен жылы 11 ірі инвестициялық жоба іске қосылып, 2,5 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны құрылды. Сонымен қатар жылыту маусымы бойынша дайындығын, жеке Qarmet компаниясы инвесторының атқарып жатқан жұмыстары бойынша компанияның алға қойған жоспарлары туралы мәлімет бердім.