Қ.Тоқаев Катар еліне мемлекеттік сапармен барады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 13-14 ақпан күндері Катарға мемлекеттік сапармен барады.
Сапар барысында Катар Мемлекетінің Әмірі - шейх Тамим бен Хамад Әл Танимен және Премьер-министрі шейх Мұхаммед бен Абдулрахман Әл Танимен келіссөздер жүргізеді. Сондай-ақ Президент қазақ-катар инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысып, осы елдің бизнес капитандарымен кездесу өткізеді деп жоспарланған.