Қ.Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазан қаласына сапары аясында «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты.

Сөйтіп, ресми мінберден турнир қатысушыларына сәттілік тіледі. «Өз сөзінде «Дүние жүзінде мұндай ойынның баламасы жоқ. Баршаңызға сәттілік тілеймін. Келесі ойынды Қазақстанда өткізейік, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Сонымен қатар Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан президенттері де киберспортшыларға ізгі тілектерін жолдады. Соның ізін ала жарысқа қатысушы мемлекеттер туларының шеруі өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Құрметті Владимир Владимирович, ең алдымен, Сізге зор ризашылық білдіргім келеді. Бұл бірегей ойын. Дүние жүзінде мұндай ойынның баламасы жоқ. Баршаңызға сәттілік тілеймін. Келесі ойынды Қазақстанда өткізейік.