Мемлекет басшысы Олжас Бектеновті қабылдады
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Олжас Бектеновті қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Премьер-министр:
- еліміздің қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайы және экономиканың өсімін қамтамасыз ету жоспары туралы баяндады;
- отандық тауар өндірушілерді қолдауды күшейту үшін қабылданып жатқан шаралар жайында мәлімет берді:
- қазақстандық өнімдердің үлесін арттыру мақсатында мемлекеттік органдардың, жер қойнауын пайдаланушылар мен квазимемлекеттік сектордың сатып алу рәсімдерін жетілдіру жұмыстары басталған;
- Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өнеркәсіптің перспективті салаларын қарқынды түрде дамытуға ерекше назар аударылып жатқанын жеткізді.
- заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару мәселелері жөніндегі комиссияның жұмысы туралы айтты.
- Қасым-Жомарт Тоқаев елімізді әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан одан әрі дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді.