Президент мемлекеттік сапармен Әзербайжанға барды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Республикасына мемлекеттік сапармен барды.
Мемлекет басшысының борты Гейдар Әлиев атындағы халықаралық әуежайға қонды. Мұнда қазақ басшысын Әзербайжан Премьер-министрінің бірінші орынбасары Ягуб Эюбов пен Сыртқы істер министрінің орынбасары Самир Шарифов қарсы алды.