Президент Армения премьерімен шағын құрамда келіссөз жүргізді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Армения Премьер-министрі Никол Пашинянмен шағын құрамда келіссөз жүргізді.
Президент ресми сапарға ерекше мән беретінін және оның екі жақты қарым-қатынасты дамытудың маңызды кезеңіне жол ашатынын атап өтті. Сонымен қатар екі ел арасындағы ынтымақтастықты арттыру үшін мол әлеует бар екенін айтты. Ал Никол Пашинян өзара қатынас қарқынды дамып келе жатқанына тоқталып, армян-қазақ байланысын жаңа деңгейге көтеру үшін бірлесе әрекет етуге дайын екенін мәлімдеді. Сауда-экономика, көлік-транзит, инвестиция сынды салалар талқыланды. Тараптар өңірлік тұрақтылық және қауіпсіздік мәселелеріне де айрықша назар аударды.