Тоқаев: Қазақ халқы «Манас» эпосын құрмет тұтады
Қазақ басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров елордада Айкөл Манас ескерткішін ашты.
Бұл ең алдымен қазақ халқының қырғыз ағайынға деген риясыз құрметінің белгісі. Бұндай игі бастамалар екі елдің достығын әрі қарайда нығайта түспек. Ескерткішттің салтанатты ашылу рәсімінде осы деген мемлекет басшысы мыңжылдық тарихы бар Манас жыры тек қырғыз халқының ғана емес, тұтас түркі жұртының баға жетпес қазынасы екендігін айтты.
Қазақ-қырғыз қарым-қатынасы тек саяси-экономикалық жағынан ғана емес, сонымен қатар мәдени-гуманитарлық бағытта да қарқынды дамып келеді. Мәселен, осыдан 2 жыл бұрын Бішкекте ұлы Абайдың ескерткіші бой көтерген болатын. Ал бүгін бауырлас елдің тарихына құрмет ретінде Астанада Айкөл Манас ескерткіші ашылды.
Салтанатты шарада сөз сөйлеген Мемлекет басшысы елордада мұндай еңселі ескерткіштің бой көтеруі, ең алдымен, қазақ халқының қырғыз ағайынға деген риясыз құрметінің белгісі екенін атап өтті. Бұндай игі бастамалар екі елдің достығын нығайта түседі. Президенттің сөзінше мыңжылдық тарихы бар Манас жыры тек қырғыз халқының ғана емес, тұтас түркі жұртының баға жетпес қазынасы.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Шын мәнінде бұл эпосты құрмет тұтпайтын қазақ кемде кем. Қазақстанда Манас есімді 6 мыңнан астам адам бар. Мұның өзі ұлы тұлғаға және тарихи эпосқа деген ерекше құрметтің белгісі. Ұлты қырғыз емес жалғыз манасшы Баянғали Әлімжановтың қазақ екенін айта кеткен жөн. Ол азамат та бүгінде осында.
Бас қаламызда бой көтерген сәулет туындысы түбі бір түркі жұртының бірлігін көрсетеді. Бұл Манасқа ғана емес, қазақ пен қырғыздың мәңгілік бауырластығына қойылған ескерткіш. Мен екі елдің достығы ешқашан мызғымайды деп сенемін.
Бүгінде «Манас» жыры бауырлас елдің тарихи және рухани мұрасына айналған. Оның ұрпақтан ұрпаққа жетіп, осы күнге дейін сақталуына қазақ ғұламаларының да ерен еңбегі бар, деді Қырғызстан Президенті.
Садыр Жапаров, Қырғызстан Президенті:
- Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласында Айкөл Манастың ескерткішін ашу салтанаты бізге бұйырғандығы әлбетте біз үшін зор мәртебе және өлшеусіз бақыт. Манас бабамыз қырғыз елінің ауыз әдебиетінің ең ұлы туындысы әрі құнды қазынасы. Мыңдаған жылдар бойы қанымызға, жанымызға сіңіп келген демеуіміз әрі өзегіміз.
Айта кету керек, осыдан үш жыл бұрын Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров Бішкекте Абайдың, ал Астанада Манас пен Шыңғыс Айтматовтың ескерткіштерін орнату туралы мәмілеге келген болатын.
Риат Шони