Президент Жоғарғы Сот төрағасын қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады.
Сот төрағасы елімізде әділ сот төрелігін қамтамасыз ету мәселелерін баяндады. Сот жүйесін реформалауға қатысты бұған дейін берілген Президент тапсырмаларының орындалу барысын жеткізді. Сондай-ақ, сот ісіне жасанды интеллект пен роботизация элементтері бар IT-cервистердің енгізілгенін айтты. Бұл соттар қызметіндегі ашықтық пен әділ сот төрелігіне ықпал етеді. Мемлекет басшысы сот жүйесінде жүргізіліп жатқан реформалардың сапасына және істерді қарау кезінде соттың барлық сатысында заңдылықты сақтау мәселесіне айрықша назар аударды. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев сот қызметіне ақпараттық технологияларды енгізу жұмыстарын жалғастыру маңызды екенін атап өтті.