Тоқаев: Ардагерлерді ардақтау жалғаса береді
Жеңіс күнін жақындатуға атсалысқан майдангерлер мен тыл еңбеккерлеріне әрқашан құрмет көрсетіледі.
Ардагерлерге мерекеге орай жыл сайын берілетін төлемақы көлемі биыл үш миллион теңгеге дейін өсті. Бұл туралы Мемлекет басшысы жоғары әскери және арнаулы атақтар мен сыныптық шендер тапсыру рәсімінде айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев биылдан бастап «Айбын» орденінің үш дәрежесі даңқты батырларымыз – Сағадат Нұрмағамбетовтің, Бауыржан Момышұлының және Рақымжан Қошқарбаевтың атымен аталатынын еске салып, ұлт перзенттерінің батылдығы мен батырлығы бүгінгі және болашақ ұрпақ үшін үлгі-өнеге болатынына назар аударды.
Президент, сондай-ақ, геоосаяси тұрақсыздық белең алған қазіргі жағдайда мықты әрі дайындығы сақадай сай әскердің маңызы арта түсетінін алға тартты.