Президент «ҚМГ» компаниясының Басқарма төрағасының міндетін атқарушыны қабылдады

«ҚазМұнайГаз» компаниясы Қызылорда облысындағы Торғай палеозой учаскесінде

тереңдігі 5,5 мың метр ұңғыма және Каспий теңізіндегі Абай учаскесінде бұрғылау жұмыстарын жүргізеді. Бұл жөнінде бүгін Президенттің қабылдауында болған «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы Асхат Хасеновті айтты. Ол мемлекет басшысына биыл бірінші тоқсанда атқарған операциялық және қаржылық қызметтің нәтижелері туралы есеп беріп, алдағы жоспарларымен бөлісті. Атап айтқанда, Жаңаөзенде гибридті электр станциясын және Атырау облысында қуаты 1,25 миллион тонна болатын полиэтилен өндіру зауыты салынады. Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев геологиялық барлау, мұнай-газ химиясы салаларындағы жобаларға ірі инвесторларды тарту жөнінде бірқатар тапсырма берді. Сондай-ақ отандық мұнай өңдеу зауыттарының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету қажет екеніне ерекше назар аударды.