Мемлекет басшысы Германия канцлері Олаф Шольцпен телефон арқылы сөйлесті

фото: akorda.kz

Қазақстан Президенті Германия канцлері Олаф Шольцпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды 24KZ.

Германия тарапынаң бастамасымен өткен әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Олаф Шольц екіжақты қатынастардың жай-күйін талқылады.

Атап айтқанда, Мемлекет басшысының былтыр қыркүйек айында Берлинге жасаған ресми сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыруға баса мән берілді. Тараптар сауда-экономикалық ықпалдастық қарқыны жоғары екеніне ерекше назар аударып, іскерлік байланыстарды нығайтуға өзара қызығушылық танытты. Тағы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Олаф Шольц өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты. Осы орайда тараптар алдағы уақытта Астанада «Орталық Азия – Германия» форматында өтетін жоғары деңгейдегі кездесудің мәні зор екенін атап өтті.