Президент мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтады.
Ол Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында арнайы жазба жариялады. Президент Әділетті Қазақстанды құру жолында мемлекеттік қызметкерлердің жұмысы айрықша роль атқаратындығын атап өтті. Олар өз кезегінде мемлекет пен қоғам мүддесін қорғап, жасампаздық пен жауапкершіліктің озық үлгісін көрсете білуі қажет. Сөз соңында Мемлекет басшысы сала мамандарына қызметте табыс тіледі.