Тоқаев: Ұйымға мүше мемлекеттердің даусы мен мүдделері тең

Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі.

Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өткен жиын алдында делегация жетекшілері Беларусь Республикасын Ұйым құрамына қабылдау және оған мүше мемлекет мәртебесін беру туралы шешімге қол қойды.

Президент Қ. Тоқаев ШЫҰ кеңістігінде үш миллиардтан астам адам тұратынын әрі экономиканың аса ірі және жылдам дамып келе жатқанын атап өтті. Әлемдік жалпы ішкі өнімнің үштен бірі осы елдерге тиесілі.

Бұл біздің Ұйымның орасан зор әлеуеті мен жаһандық рөлін айқын көрсетеді, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.