Ұлттық құрама Олимпиаданың 92 лицензиясын иеленді

фото: akorda.kz

Жазғы Олимпиада ойындарына Қазақстан ұлттық құрамасы спорттың 25 түрінен 92 лицензия иеленді, деп хабарлайды 24kz.

Париж төрінде барлығы 80 спортшы ел намысын қорғамақ.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаевты қабылдап, төрт жылдықтың басты додасына дайындық туралы есебін тыңдады.

Ведомство басшысы оқу-жаттығу жиындары мен спортшыларды қолдау шаралары туралы айтты. Спортты басқару институттарын жетілдіру бағытын баяндады. Ал кездесу соңында Президент отандық спортшылар әлем алдында мәдениетті, ұстамды әрі озық үлгілерімен ерекшеленуге тиіс екеніне назар аударды.