Қ.Тоқаев Өзбекстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті деп хабарлайды 24kz.
Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевті туған күнімен құттықтап, оған бақ-береке және Өзбекстан халқының игілігі жолындағы жауапты қызметіне табыс тіледі. Сонымен қатар екі ел арасындағы достық, тату көршілік және одақтастық қатынастарын нығайтуға өзбек басшысының қосқан зор үлесін жоғары бағалайтынын жеткізді. Бұдан бөлек, Президенттер екіжақты өзара ықпалдастықтың жоғары қарқынын атап өтіп, сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, энергетикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты арттырудың әлеуетін талқылады.