Жоғары білім алуға пайызсыз несие беріледі
Елде талапкерлер жоғары білім алу үшін пайызсыз несие ала алады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді.
Оның айтуынша, қазір жобаның негізгі тетіктері қаралып жатыр. Сонымен қатар ҰБТ-дан жоғары балл жинап, бірақ университетке түсе алмаған түлектерге сараланған грант беріледі. Оның ерекшелігі, оқу ақысының бір бөлігін мемлекет, ал қалғанын студент төлейді. Бұл шаралар білімпаз жастардың кәсіби маман атануына тағы бір мүмкіндік сыйлауға бағытталған.
Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:
- Бірқатар екінші деңгейлі банкпен және өзіміздің қаржы орталығымызбен талқыланды. Заңнамалық тұрғыда пысықталды. Талапкерлер АҚШ-тағыдай пайызсыз несие ала алады. Жоба жылдың аяғына дейін іске қосылады.