Президент Энергетика министрін қабылдады

www.akorda.kz

Мемлекет басшысы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Алмасадам Сәтқалиев:

- еліміздің отын-энергетика кешенінің биылғы бірінші жартыжылдықтағы дамуы жөнінде есеп берді;

- осы уақыт аралығында 44,7 миллион тонна мұнай өндірілген. Мұнай өнімдерінің өндірісі 6,78 миллион тоннаны құраған. Сондай-ақ 30,1 миллиард текше метр газ өндіріліп, электр қуатын өндіру көлемі 60,4 миллиард кВт/сағатқа жеткені туралы айтты;

- ведомствоның тұтынушыларды электр қуатымен және жылумен тұрақты қамтамасыз етуге бағытталған ірі инвестициялық жобаларды іске асыру жоспары жөнінде мәлімет берді;

- жаңартылатын энергия көздерін дамыту шаралары туралы баяндады.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы жылыту маусымына дайындық бойынша тиісті жұмыстарды жүргізуді және ішкі нарықты мұнай өнімдерімен қамтамасыз етуді тапсырды.